6 турдың нәтижесі бойынша «ОТК» командасы көш бастады.
Футзалдан Ақтау қаласының біріншілігінде көшбасшылар жиі ауысуда. Бұл 16 команданың да жеңіске деген құштарлығын, чемпионаттың тартысты өтіп жатқандығын білдірсе керек.
5 турда өздерінің алғашқы жеңістеріне өткен маусымның жеңімпаздары қол жеткізді. Олар "МАЭК" клубымен 2:2 есебімен тең ойнады. Керемет көрсеткішті Нефтчи футболшылары көрсетті. "Әлихан" командасынан 2:4 есебімен ұтылып жатқан олар, есепті теңестіргендерімен қоймай, соңғы ысқырыққа санаулы-ақ секундтар қалғанда Мастиев жеңіс голын соғып, "Нефтчиге" жеңіс сыйлады. Ал "Морпорт" пен "ККМ Бузачи" және "ОТК" ұжымдары ірі жеңістерге қол жеткізді.
6 турда қатарынан үш ойын 3:3 себімен аяқталды. Қазір 1-ші 5-ші орындар аралығын тек екі-ақ ұпай бөліп тұр. Ал турнир кестесінде 12-орында келе жатқан "Кеден" нағыз сенсацияның авторы атанды. Олар өз кезегінде 2-орындағы "Казхимкал" клубымен тең түсті.
Бірінші лига да "Мұнайшы" мен "Энергетик" әлі де ұпай жоғалтқан жоқ. 12 ұпаймен әзірге бірінші-екінші орындарды өзара бөлісуде. Үшінші орында 10 ұпаймен "Астана-Банзай" тұр.
Екінші лигада 6 ойын ойнап, алтауында жеңген "Нұрасқа" ешкім жете алар емес. Үшінші дивизионда "Маерск Ойл" мен "Каспий 96" клубтары көш бастап келеді.
турнирдің толық нәтижесі мына сайтта. www.moff.kz









