Аймақтағы футболдың дамуы мен көркейту мәселесіне байланысты Қазақстан футбол федерациясы басшылық көмек ретінде Семей қаласы футбол федерациясына қазіргі заман талабына сай жаңа сайт жасап берді.
Жаңа ғаламтор сайты қазіргі заманғы ақпарат портал ретінде қызмет атқаратын болады. Бұл аймақтағы футболдың жаңа қарқында дамуына септігін тигізеді. "Біздің Семейге қол ұшын созып отырғанымыз бекер емес. Біріншіден, бұл аймақтағы футболдың жайы бүгінде мәз емес. Яғни біз өз тарапымыздан қолғабыс көрсетуге міндеттіміз. Ал екіншіден, Қазақстан футболының 100 жылдығы алдында ел футболының отаны Семей қаласына ерекше назар аударылғаны маңызды" - деді ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов.
Запуск сайт намечен на конец января 2012 года.









