
Австрияға қарсы матч форвардтың Қазақстан құрамасының қатарындағы 30-ыншы ойыны болатын.
Өзінің 25 жасында Остапенко бұған дейін тек 9 ойыншы жеткен 30-ыншы матчты өткізді. Дәл қазіргі сәтте «Жетісудың» шабуылшысы еншісіндегі 6 голымен үздік ондықтың қатарынан орын алады. Айтпақшы, ұлттық команда бомбардирлерінің тізімінде Остапенко 4-7 орындарды Игорь Авдеев, Нұрбол Жұмасқалиев және Олег Литвиненколермен бөлісіп тұр. Жақын бәсекелесі Дмитрий Бяковтан оны 2 гол алыстатады.
Сергей Остапенко Қазақстан құрамасы сапында алғашқы ойынын 2007 жылдың 6-маусымында Әзербайжанға қарсы өткізді, ал алғашқы голын сол жылдың қарашасында Армения құрамасының қақпасына салды.









