
Автрия құрамасы бас бапкерінің м.а. матчтан кейінгі пресс-конференциясы.
Матчтан соң.
Вилли Руттенштайнер, Австрия құрамасы бас бапкерінің м.а.:
«Біріншіден, Қазақстанды осы ойынмен құттықтағым келеді. Сіздер құттықтауға лайықсыздар. Менің ойымша, сіздерде көп мүмкіндік болды, жеңіп кетуіңіз де мүмкін еді. Бірақ, қорытындысына әділ нәтиже шықты деп ойлаймын».
- Қазақстан бүгін жеңуле лайық па еді?
- Есеп ойынына қарай. Қазақстан бұл ұпайды алуға лайық. Командаларыңыз өзін жақсы қырынан танытты. Қазақстан футбол ойнай алатынын көрсетті.
- Осы матчтағы сіздің құраманың мақсаты қандай еді, ойын ойлағандарыңыздай болды ма?
- Біздің мақсатымыз Қазақстанды жеңіп, 3 ұпай алу болатын. Бірақ біз бұл міндетті атқара алмадық. Бұл күрделі матч болды. Қазақстан бізге өз қалауымызша ойнауға мүмкіндік бермеді, ойыншыларымыз тактикалық қателіктер жасап алды. Қарсыластардың тарапынан болған қысымның нәтижесінде біздің ойыншыларымыз өздеріне тән емес текникалық олқылықтар да жіберді.
- Австрия футболы соңғы кездері неге төмендеп кетті?
- Сіз өз сөзіңізбен бізді емес, өз командаңызды бағаладыңыз. Біз әлсіреген жоқпыз, тек сіздің құрама күшейген. Осы матчта біздің мүмкіндіктеріміз іске аспады, өйткені қарсыластарымыз өз ойынын ойнады.
- Неге 7 нөмірлі (Арнаутович) ойыншыны алмастырдыңыз? Ол өте сәтті ойнаған секілді.
- Алаңға алмасып шыққан Майерхофер стандарттық жағдайларда пайдалы болар деп шешкенбіз. Өкінішке орай, айып добын соғуда да, бұрыш добын орындауда да сәті түспеді.
- Қазақстанды жеңе алмауыңызға жасанды газонның әсері бар ма?
- Бар мүмкіндіктеріміз іске аспады. Қазақстан физикалық дайындығы күшті болып, бізге оңай түспеді. Ұтпағанымыз үшін газонды кінәлаудың жөні жоқ.
- Бакуде жеңген соң, «қуаныштан басыңыз айналып», БАҚ өкілдеріне Қазақстанды да жеңеміз деп айтып салғанда, оның күшін бағалап үлгеріп пе едіңіз?
- Жоқ, біз әдеттегідей дайындалдық. Ойыншыларымызды жеңіске жетеледік. Бірақ, тағы да айтамын, сіздердің командаңыз жеңуге мүмкіндік бермеді. Айып етпеңіздер, бірақ біз аэропортқа асығуымыз керек. Біздің делегациямызды, жанкүйерлеріміз бен Австрия БАҚ өкілдерін жақсылап күтіп алғандарыңыз үшін алғыс айтамын.









