<object classid='clsid:d27cdb6e-ae6d-11cf-96b8-444553540000' codebase='http://download.macromedia.com/pub/shockwave/cabs/flash/swflash.cab#version=8,0,0,0' width='324' height='16' id='logo' align='middle'>
<param name='menu' value='false' />
<param name='movie' value='/media/logo/02.swf' />
<param name='quality' value='high' />
<param name='wmode' value='opaque'>
<embed src='/media/logo/02.swf' quality='high' width='324' height='16' name='logo' align='middle' allowScriptAccess='sameDomain' allowFullScreen='false' type='application/x-shockwave-flash' pluginspage='http://www.adobe.com/go/getflashplayer' / wmode='opaque'>
</object>
s
UEFAFIFA
Австриямен тең ойын

Қазақстан құрамасы Европа Чемпионаты-2012 іріктеу кезеңін Австриямен тең түсіп тәмамдады.  


Қатарынан үш жеңілістен соң, Қазақстан командасының психологиялық жағдайы көңіл көншітерлік болмады, дегенмен соңғы ұрыста бой жиып, жақсы футбол көрсетті.
Екі құраманың осы шеңбердегі тағдыры ұқсас болды. Нәтижесінде, қарсыластардың қарсыластардың ниеті тең түсіп, қорытыдысы да соған сәйкес шықты. Екі таймды қызғылықты өткізіп, бір-бірінен оза түсіп ойын көрсеткен командалар жақсы көңіл-күймен тарасты. Кездесудің бірінші жартысында қонақтардың шабуылы айқынырақ түсті, ал екінші бөлімінде алаң иелерінің белсенділігі артты. Осы әдемі ойынға тек гол ғана жетіспеді. Біз қазақстандықтардың жігер танытқан тұсын көріп, австриялықтардың қабілетіне тәнті болдық, бірақ ең бастысы – бұл ойында қандай да бір даму, болашақ көрінгендігі еді.
Біздің команданың негізгі командасы төрт күн бұрын Брюссельде болғаннан біраз өзгеріске ұшыраған. Қақпадағы орын тәжірибелі Андрей Сидельниковке бұйырса, қорғаныста Марк Гурман пайда болған, алаң ортасына қайтадан Қайрат Нүрдәулетов пен Марат Хайруллин бақылау жүргізді. Қапталда Нұрғалиев пен Шмидтгаль сақ болса, шабуылға Остапенко мен Гридин жұбы жіберілген. Айта кетерлігі, ортақ істен құр қалған ешкім болмады, тек белсенділі бәсеңдеген Нұрғалиевті үзілістен соң Мұжықов алмастырды.
Бірінші таймда автриялықтар көбірек қауіпті сәттер тудыра алды, алғашқы 15 минуттың ішінде қақпамызға 5-6 соққы бағыттап үлгерді. Бірақ дәлдік жетіспей жатты. Мирослав Беранектің шәкірттері қабілетті шабуылдарға шыққанымен Гридинге соққы бағыттауға автриялықтардың ұзын бойлы қорғаушылары кедергі жасай берген.
Үзілістен соң біздің команда алаңның қонақтар бөлігінде белсендірек әрі шапшаңырақ көзге түсе бастады. Бұл автриялықтардың екпінін біраз төмендетіп, оларды қорғаныс жайында ойлауға мәжбүрледі. Остапенко көп жүгірді, шабуылдардың барлығына да орталық хавбек Хайруллин араласып отырды. Осының барлығы жиналып келіп, қауіпті сәттер тудырып, олардың ең әсерлісі жанкүйерлер жадында ұзаққа қалатын түрі бар: Гурман оң қапталдан доп шығарып, Гридиннің баспен бағыттаған соққысы маңдайшадан қайтты. Қарсыластарымыз да шапшаң қарсы шабуылдарын ұйымдастырып қалуға тырысып баққаны айқын. Бір сәт Арнаутович доппен сол жақтан сытылып шығып, қақпаның жақын бұрышына қарай тепті, бірақ Сидельников өз орнынан табыла біліп, қабілетін танытты. Басқа да қауіпті сәттер болмады десек қате болар. Өкінішке орай, қазақстандық шабуылшыларға дәлдік жетіспей жатты, дәл солай қарсыластар шабуылшылары мен қорғанысымыздың арасында шиеленіс бір толастамады.
Ханнес Каасиктің соңғы ысқырығы австриялықтардың шабуылына дөп келді. Бірақ қонақтардың ойын нәтижесіне реніші байқалмайды - 0:0. Мирослав Беранек пен оның командасы іріктеу турнирін керемет деңгейде тәмамдамағанымен, мықты европалық командаға қарсы ойналған әдемі ойын көңілге біраз медет.
Нәтижесінде, біздің топта Германия командасы алға суырылып шықты, ал екінші орынға Түркия құрамасы мықтап орныққан. Қазақстан командасы үшін бұл күрделі де қиын іріктеу турнирі болды, бапкер алмасып, ұжым үздіктері жарақат алып қалған сәттер өтті, Әзербайжанды жеңген әдемі матчтан соң, Түркия мен Автриядағы күйрей жеңілістер де осы турнирдің оқиғалары. Келесі шеңбер біздер үшін біраз сәттірек болар деп үміттенеміз.



Қазақстан — Австрия 0:0
Ескертулер:
Гурман 35, Остапенко 86, Шмидтгаль 90
Қазақстан: Сидельников, Киров, Мұхтаров, Гурман (Евстигнеев 77), Нұрдәулетов, Шмидтгаль, Хайруллин, Нұрғалиев (Мұжықов 46), Гридин, Остапенко, Рожков
Резерв: Цирин, Кукеев, Карпович, Шахметов, Хижниченко
Австрия: Грюнвальд, Драгович, Фухс, Иваншитц (Юнузович 66), Арнаутович (Майерхофер 83), Алаба, Даг, Предль, Шарнер, Куловиц (Кавлак 74), Янко
Резерв: Зибенхандль, Ортлехнер, Кляйн, Ройер
Төрешілер: Ханнес Каасик, Ханнес Рейнвальд, Марко Лееванд (барлығы — Эстония)
11 қазан. Астана. «Астана-Арена».




Жаңалықтар

Сауалнама

Спорттың қай түрі сізге қызықтырақ?

Демеушiлер

Әрiптестер
Счетчики


© 2012 «Қазақстанның футбол федерациясы»
Сайттағы материалдарды қолданғанда, авторымен қоса сілтеме міндетті түрде сілтеме жасау керек
© 2011 Сайтты қолдау:
АГС «SPORTS.KZ»