Қазақстанның футбол федерациясы
s
UEFAFIFA

Қазақстанның футбол федерациясы

"Астана" дайындығын жалғастыруда

Дәрігерлер тексерісінен түгелдей өтіп болғаннан кейін кеше "астаналықтар" екі толық жаттығу жұмыстарын өткізді. Таңертеңгілік жаттығу футболшылардың физикалық дайындығына арналды. Екі сағат ойыншылар жаттықтырушылар берген тапсырма бойынша жүгіріп, дене қозғалыстары жаттығуларын жасады.
 


 Түстен кейін екінші жаттығу өтті. Бұл жолы Олег Протасов футболшыларға доппен жасайтын бірнеше жаттығу жасатты. Жігіттердің футболды сағынып қалғаны көрініп тұрды. Бәрі де жаттығуға ерекше құлшыныспен кірісіп кетті. Дегенмен, бірінші ойынға дейін аз-ақ уақыт қалды. 16 қаңтарда команда 2012 жылдағы алғашқы матчын өткізеді. Қарсыластары - Новосибирск қаласының "Сибирь" футбол клубы.

Команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында түскен суреттерін мына сілтеме арқылы клубтың ресми сайтының фотомұрағатынан көре аласыздар. http://loko.kz/rus/fotogallery/cat/51/


fca.kz


Жаңалықтар

Сауалнама

Спорттың қай түрі сізге қызықтырақ?

Демеушiлер

Әрiптестер
Счетчики


© 2012 «Қазақстанның футбол федерациясы»
Сайттағы материалдарды қолданғанда, авторымен қоса сілтеме міндетті түрде сілтеме жасау керек
© 2011 Сайтты қолдау:
АГС «SPORTS.KZ»