С 19 по 29 января в Санкт-Петербурге состоится Кубок содружества. Впервые турнир организован для молодежных сборных команд. Вместе со сборной Казахстана борьбу за трофей поведут еще 11 команд. На групповом этапе участники разбиты на три группы по четыре команды в каждой. Восемь сборных с наилучшими показателями по итогам групповой стадии выступят в плей-офф соревнований.
Турнир жүейсі
Алғашқы кезеңде 12 құрама төрт командадан үш топқа (А, В, С) бөлінеді.
Топтық кезеңде командадалардың орналасу жағдайы ұпай санына байланысты болады.
(Жеңіс – 3 ұпай, тең ойын – 1 ұпай, ұтылыс – 0 ұпай).
Егер екі немесе одан көп командадалардың жинаған ұпайлары тең болса, онда қосымша көрсеткіштеріне қарайды:
- Өзара кездесудің нәтижесі (ұпай саны, соғылған және жіберілген голдар, соғылған голдар саны);
- Барлық ойындардағы соғылған және жіберілген голдардың көрсеткішінің үздік болуы;
- Барлық ойындардағы соғылған голдардың көптігі ;
- Бұл көрсеткіштер де бірдей болса, жеребе тартылады.
Өз тобында 1 және 2-орын алған алты команда, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші жоғары екі ұжым екінші кезеңде 1-8-орындарды сарапқа салады.
Ширек финалдағы жұптар топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жасалған рейтингтің негізінде түзіледі. Рейтингтегі командаларды түзгенде алдымен ұпай санына көңіл бөлінеді. Одан кейін доп айырмашылығы, соғылған голдар есепке алынады. Ал бұл көрсеткіштердің барлығы тең болса, жеребе тартылады.
Рейтингті бірінші орын алға команда ширек финалда 8-орынмен кездеседі. 2-ші орын -7орынмен, 3-орын 6-орынмен және 4-орын 5-орын иемденген ұжыммен жұп құрайды.
Өз тобында 4-орын алғандар және 3-орын алған ұжымдардың ішінде көрсеткіші төмені 9-12 орындарды өзара сарапқа салады.
Егер ширек финал мен жартылай финалдың негізгі уақытында тең есеп тіркелсе, онда командалар қосымша уақытсыз бірден пенальти тебу кезеңіне кіріседі. .
Егер финалдық кездесудің негізгі уақыты тең есеппен аяқталса, онда қосымша уақыт белгіленеді (10 минуттан 2 тайм)
Мұнда да жеңімпаз анықталмаса, онда ойын ережесі бойынша пенальтиге кезек беріледі.









