Турнирге қатыс!
2011-2012 жж. мерзім «Coca-Cola Былғары Доп» дамуындағы жаңа айналым болады.
Халықаралық алаңда қазақстандық спорттың сәттілігінің өсіп келе жатқанын ескере отыра, турнирді «Күз-Көктем» (күз - 2011 ж. және көктем – 2012 ж. ) еуропалық стандартқа сәйкес өткізу шешілді.
2012 ж. мамыр айына ұйымдастырушылар финалдық кездесулерді 3 жас категориясы бойынша өткізуді жоспарлап отыр:
-
кіші (2000-2001 жж туылғандар);
-
орташа (1998–1999 жж туылғандар);
-
жоғары (1996–1997 жж туылғандар).
Біріншілікті жіберіп алмай, ЕУРОПАДА Coca-Cola Кубогы үшін жарысуға мүмкіндік ал!
Сені не күтіп тұр? Оңай емес, бірақ Чемпион атағы үшін қызықты күрес!
Турнирдің бірінші бөлімінде жарыстың топтық кезеңі өткізіледі, ал іріктеу айналымының жеңімпаздары ендігі жылдың көктемінде ғана бір-бірімен плей-офф кезеңінде кездеседі.
«Coca-Cola Былғары Доп» іріктеу айналымдары келесі сатылардан тұратын болады:
-
Мектептік;
-
Қалалық;
-
Аймақтық;
-
Ұлттық финал;
-
Copa Coca-Cola халықаралық турнирі.
Жарыстар кезегі Copa Coca-Cola (Копа Кока–Кола) халықаралық футбол турнирімен Еуропада аяқталады, оған барлық әлемнен 30-дан астам жасөспірімдер командалары қатысады, және осы жылдан бастап бүкіл қазақстандық«Coca-Cola Былғары Доп» футбол турнирі соның бөлігі болып келеді. Дәл сол жаққа, әлемнің басты футбол алаңдарының біріне жоғары жас тобындағы чемпион командасы барады!
Орташа және кіші жас топтары «Coca-Cola Былғары Доп» сияқты маңызды жарысқа қатысып, керемет тәжірибе және болашақта елдің абыройын қорғауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ барлық үш жеңімпаз командалар ұйымдастырушылардан керемет сыйлықтармен марапатталады!
Іріктеу айналымдардан өтіп, Coca-Cola Кубогын үйге алып кел!
* Қатысуға сұраным беру үшін, өз мектебінің басшылығына хабарлас.
**Жалпы білім беретін мектептерде оқитын БЖОМ, ОРБЖСМ оқушылары өз мектебі үшін ойнай алады. Ойыншылардың жасы жас топтарына қатаң сәйкестікте болуы тиіс. Футбол бойынша арнайы сыныптардың оқушылары Турнирге қатыстырылмайды.









